Бүгін мемлекеттік орман қоры аумағында 10 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өңірлер бойынша:
• Батыс Қазақстан облысы – 1;
• Павлодар облысы – 1;
• «Семей орманы» МОТР – 2;
• «Ертіс орманы» МОТР – 6.
Өрт ошақтары «Казавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі мен ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті, «Казавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанты, тікұшақтары және арнайы техникасы жұмылдырылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығу себебі – найзағай разрядтары.
- Құрметті азаматтар! Еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр. Орман алқаптарына барған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, - делінген министрлік хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
