Түркістан облысында аптап ыстық салдарынан бүлінген «Шымкент – Өзбекстан шекарасы» республикалық автожолындағы ақаулар жойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мониторинг барысында жолдың 780-шақырымында цементбетон жамылғысының көтерілгені анықталған. Осыған байланысты жол қызметінің мамандары шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жол жабынын қалпына келтірді.
Мамандардың мәліметінше, өңірде соңғы күндері ауа температурасының +44 градусқа дейін көтерілуі цементбетон жол жамылғысының деформациялануына себеп болған.
