Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Атырауда дронмен түрмеге тыйым салынған зат жеткізген ер адам сотталды
376
оқылды

Атырау облысында дрон арқылы түзету мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысқан 39 жастағы ер адам ұсталып, сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және өзге де құқық қорғау органдары «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күдіктіні қолға түсірген.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тіркелмеген 12 калибрлі екі ұңғылы аңшылық мылтық, 12 калибрлі кесілген бір ұңғылы мылтық, 4 дана оқ-дәрі, 3 дрон, бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы салынған пластикалық ыдыс, сондай-ақ өсімдік тектес қою жасыл түсті зат тәркіленген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Соттың үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.