Ал жарақат алған төрт адамға жедел медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.
Атырауда жол апаты: бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түсті
280
оқылды

Атырау облысының Махамбет ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 18 шілде күні кешкі уақытта Махамбет ауданындағы тасжолдың 56-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Sienna және Lada Granta маркалы жеңіл автокөліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota Sienna көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жарақат алған төрт адамға жедел медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.

 

«Жол-көлік оқиғасына қатысқан тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізуде.