Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында «Шахтер» демалыс аймағының маңындағы тауға серуендеуге шыққан бес турист (оның ішінде үш бала бар) адасып кетті.
ТЖМ таратқан мәліметке сәйкей, туристер «Шахтер» демалыс аймағынан солтүстікке қарай 15 шақырым жерде орналасқан Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы «Кендара» шатқалында болған.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, берілген координаттар мен байланыс ақпаратының арқасында демалушыларды қысқа уақытта тауып, оларды аман-есен «Шахтер» демалыс аймағына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада
