Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Алматыдағы №15 қалалық емханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесті.
«Байтақ» партиясының өкілдері дәрігерлермен жүздесті
Фото партияның баспасөз қызметінен алынды
126
оқылды

Жиында денсаулық сақтау саласының бүгінгі жай-күйі, дәрігерлердің еңбек жағдайы, экологиялық факторлардың халық денсаулығына әсері сөз болды.

Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі бағыттарын таныстырды. Ал дәрігерлер күнделікті қызмет кезінде кездесетін түйткілдерді ортаға салды. Атап айтқанда, еңбек жүктемесі, кадр тапшылығы, әлеуметтік қолдау, әділ еңбекақы және заманауи медициналық жабдықтардың қолжетімділігі.

Тараптар профилактикалық медицинаны дамыту, медицина саласын қаржыландыруды күшейту, медицина қызметкерлері құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қоса, қоршаған ортаның ахуалы мен халық денсаулығының өзара байланысы талқыланып, экологиялық қауіптердің алдын алу аурулардың азаюына ықпал ететіні айтылды.

Партия өкілдерінің пікірінше, денсаулық сақтау саласын дамыту тек медициналық инфрақұрылымды жетілдірумен шектелмейді. Ол үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастырып, дәрігерлердің сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау маңызды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты өзара ұсыныстарын бөлісті.

«Байтақ» партиясының өкілдері Алматы ауыр машина жасау зауытына барды

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрылтай сайлауына кандидат Владимир Мартель Алматыдағы ауыр машина жасау зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті.

Шарада партияның негізгі ұстанымдары мен сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылды. Тараптар өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту, өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өндірісті қолдау мәселелерін талқылады.

 «Өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту экономиканың дамуына және жұмыс орындарының сақталуына кері әсер етпеуге тиіс. Ол өндіріс орындарында заманауи технологияларды енгізу арқылы жүзеге асады. Кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту да маңызды мәселе», – деді «Байтақ» партиясының кандидат Владимир Мартель.

Сапар аясында кандидат еңбек ұжымдарымен тікелей диалогтың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Шараға жиыны 20-дан астам адам қатысты.