Астана маңындағы Қоянды ауылында екі кәмелетке толмаған қыз суға батып, көз жұмды.
Қояндыда екі бірдей кәмелетке толмаған қыз суға батып, көз жұмды
133
оқылды

Қайғылы оқиға 10 тамызда болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, екі қыз Қоянды ауылындағы су қоймасының орталық жағажайында суға батып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.