Қазақстанның жасыл болашағы энергетикадағы өзгерістерден басталады.
«Байтақ» партиясы: Энергетика – тек жарық пен инфрақұрылым мәселесі емес
Фото "Байтақ" партиясының баспасөз қызметінен алынды
122
оқылды

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Алма Қараш KEGOC ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттарын таныстырды.

Кездесуде энергетика саласының елдің экономикалық тұрақтылығы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы сөз болды. Кандидаттың айтуынша, Қазақстан технологиялық дамумен қатар табиғатты қорғауды да алып жүруі керек.

«Энергетика – тек жарық пен инфрақұрылым мәселесі емес. Бұл – елдің экономикалық тұрақтылығы, экологиялық қауіпсіздігі және келешек ұрпаққа қандай Қазақстан қалдыратынымыз туралы мәселе», – деді Алма Қараш.

Оның пікірінше, энергетика саласын дамытуда кәсіби мамандардың тәжірибесі мен ұсыныстары маңызды. Ал нақты өзгеріс ұраннан емес, ашық диалог пен тиімді шешімдерден басталады.

Жиын барысында энергетика саласының мамандары өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Теміртауда «Байтақ» партиясының үгіт-насихат белсенді жүріп жатыр

Сайлауалды науқан аясында Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасты. Қала аумағында Құрылтай сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттарды қолдауға арналған үгіт материалдары орнатылды. Олардың бәрі арнайы белгіленген орындарға ілінді.

Көрнекі материалдарда партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі басымдықтары туралы мәлімет берілген. Үгіт-насихат жұмысының мақсаты – халықты партияның ұстанымымен етене таныстырып, алдағы саяси науқан жайлы ақпараттандыру.

Тұрғындар елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, Қазақстанды дамытуға өз үлесін қосады.