Кәсіпорын әлемдік деңгейдегі материалдардан балалар киімін тігіп, өнім сапасына ерекше мән береді.
Ақтөбеде өндірілген балалар киімі Қазақстанның үздік тауарларының бірі атанды
Фото: gov.kz
157
оқылды

 Della Home кәсіпорны 2020 жылы ашылып, балалар киімін өндірумен және көтерме саудада өткізумен айналысады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бүгінде кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді. Өнімдері бөлшек сауда дүкендерінде де ұсынылады.

Айта кету керек, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің өңірлік кезеңінде  Della Home  «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеңімпаз атанды.

Байқаудағы жеңіс отандық өндірушінің өнім сапасын танытып, жергілікті бизнестің әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.