Оның ішінде, Үштөбе вокзалын жаңғырту барысында бастапқы жоба бірнеше рет өзгерген. «Хабар 24» арнасының мәліметінше, жөндеу барысында салынып жатқан баспалдақтың өзін қайта өзгерткен. Себебі, жаңа шешім жолаушыларға қолайлы болуы керек. Құрылысқа жауапты мамандар жаңартылған вокзал ғимараты жолаушыларға жайлы болу үшін бастапқы жобаға өзгерістер енгізген. 1930 жылдары салынған вокзалды қайта жөндеу үшін 60-тан астам маман еңбек етеді. Вокзалдарды жаңғырту жолаушылар үшін заманауи әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған. Құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуы мен жұмыстың сапасы тұрақты бақылауда болады.
Бұдан өзге Жетісу өңірінде Талдықорған – Үштөбе жолы жөндеуден өтті. Жетісу облысында облыстық маңызы бар жолдардың сапасы 97 пайызға жақсарды.
