Жол апатына УАЗ Patriot, Audi 100, BMW және Lada Priora автокөліктері түскен.
Павлодарда төрт көлік соқтығысты: бір адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға түсті
147
оқылды

"Павлодар – Кенжекөл" автожолында төрт жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол апатына УАЗ Patriot, Audi 100, BMW және Lada Priora автокөліктері түскен.

Павлодар қалалық №1 ауруханасына 2003-2006 жылдары туған алты ер адам жеткізілген.

– Зардап шеккендер түрлі жарақат алған. Біреуіне амбулаториялық көмек көрсетілген. Үш адам жансақтау бөлімінде, тағы бір науқас политравма бөлімінде, біреуі травматология бөлімінде ем алып жатыр. Ал тағы бір жарақат алған адам медициналық көмектен бас тартқан. Барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады өңірлік Денсаулық сақтау басқармасынан.

Павлодар облыстық Полиция департаменті жол апатынан бір адам қаза тапқанын мәлімдеді.

– Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, – деп хабарлады ведомстводан.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдықты асырмауға шақырды.