Өскеменде 70 жастағы әйел көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға Космонавтар көшесінде болған. Егде жастағы әйел түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті аталған деректі растады.
– Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
