Табыстың кемінде 10 пайызын өзіңізге қалдырыңыз
Бай болудың 7 қағидасы
istockphoto.com
192
оқылды

Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» кітабында қаржыны дұрыс басқарудың қарапайым қағидалары ұсынылады. Автор оларды «әмиянды толтырудың жеті жолы» ретінде береді.

Кітаптағы негізгі кеңестер:

  • Табыстың кемінде 10 пайызын жинаққа қалдыру;
  • Шығынды бақылап, қажеттілік пен қалауды ажырату;
  • Жинаған ақшаны табыс әкелетін іске салу;
  • Ақшаны жоғалту қаупі жоғары күмәнді инвестициялардан сақтану;
  • Баспананы тиімді қаржылық шешімге айналдыру;
  • Болашаққа тұрақты табыс көзін алдын ала қалыптастыру;
  • Білім мен кәсіби дағдыны жетілдіріп, табыс табу қабілетін арттыру.

Кітаптың басты ұстанымдарының бірі – алдымен өзіңе төлеу: қанша табыс тапсаңыз да, оның белгілі бір бөлігін жұмсамай, тұрақты түрде жинақтап отыру.