Combatpress.com сайты қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты (19-0) жартылай орта салмақтағы рейтингтен белсенділігінің төмен болуына байланысты алып тастады.
Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген еді. Содан бері ауыр жарақатына байланысты операция жасатып, ұзақ уақыт қалпына келіп жатыр.
Рахмонов бұған дейін аталған рейтингте төртінші орында тұрған.
