Астанада 562 пәтерді несиеге алуға өтінім қабылдау басталды.
Пәтерді несиеге алуға өтінім қабылдау басталды
Фото: iStock
169
оқылды

Астанада 7 қазан күні тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында несиеге берілетін тұрғын үй бойынша өтінім қабылдау басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

Тұрғын үй А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Нысандардың кодтары – 10336, 10338, 10339 және 10340.
Өтінімдер 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.

Жалпы, 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде:
• 1 бөлмелі – 166 пәтер;
• 2 бөлмелі – 276 пәтер;
• 3 бөлмелі – 80 пәтер;
• 4 бөлмелі – 40 пәтер.

Тұрғын үйлер 5 қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны – 332 916 теңге.

Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна мөлшері – 10%-дан бастап.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.