Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Үсік жүреді: 8 қазанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
159
оқылды

Қазгидромет 8 қазанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың таулы аудандарында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді.

Түнде және таңертең Ақмола облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 8 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с, тіпті 30 м/с және одан аса болады. Семейде 8 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде 8 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 8 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 8 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 8 қазанда батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Астанада 8 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Павлодарда 8 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 8 қазанда жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні де болжанады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.