Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары GBI-EM (Government Bond Index – Emerging Markets) индексіне енгізу үшін J. P. Morgan бақылау тізіміне қосылды.
Қазақстанға жаңа халықаралық мәртебе берілді
Фото: gov.kz
195
оқылды

J.P. Morgan индекстік жіктемесін қайта қарау қорытындысы бойынша 2026 жылы Қазақстанға GBI–EM дамушы нарықтар индексіне елдің мемлекеттік бағалы қағаздарын әлеуетті енгізу үшін Index Watch–Positive (бақылаудың оң тізімі) мәртебесі берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

12 ай ішінде халықаралық клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымы арқылы қол жеткізу мүмкіндігін қоса алғанда, халықаралық инвесторлар үшін қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қолжетімділігі бағаланатын болады. Индекс критерийлеріне сәйкес келетін облигациялардың өтімділігі де қарастырылады.

Мәртебе беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіру және халықаралық инвесторлар үшін қазақстандық қаржы құралдарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жұмысының маңызды нәтижесі болды.

Қараудың жаңа кезеңіне көшу қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын халықаралық капитал нарықтарына интеграциялаудағы прогресті растайды. Индекске әлеуетті енгізу шетелдік инвесторлар базасын кеңейтуге, өтімділікті арттыруға және қарыз алу құнын төмендетуге ықпал ететін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.