2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1%-ға өскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастырып, оны тоқсан сайын жаңартып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады.
Тізілім кәсіпкерлердің өтінішін қарап, оның тиісті өлшемге сәйкестігін бағалайтын жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссия шешімі негізінде қалыптастырылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
