Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Теміртауда 20 жастағы жігіт әке-шешесін өлтірді деген күдікке ілінді
81
оқылды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қаза тапқан ерлі-зайыптының 20 жастағы ұлын күдікті ретінде ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.