Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған.
Мемлекет басшысына №8 және №9 жаңа кокс батареяларының құрылысы жөнінде баяндалды
127
оқылды

Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған.

Бас технологиялық серіктесі – ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы.

Екі батареяның жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге жетеді. Әр батареяда камерасының биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пеші жұмыс істейді.

Жаңа агрегаттар домна пешін осында өндірілетін кокспен тұрақты түрде қамтамасыз етуге, оның сапасын ұдайы сақтауға және экологиялық қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді.

1960-1970 жылдары пайдалануға берілген өндіріс қуатын алмастыратын батареяларды келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Осылайша, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір химиясы кешені құрылады.