Бүгін «Әділет» партиясының Орталық аппаратында партия жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің отырысы өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы: ұлттық құндылықтарды нығайту және жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыру міндеттері талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Басқосуда «Miras» республикалық кеңесінің биылғы жаңартылған құрамы таныстырылды. «Miras» республикалық кеңесінің құрамына еліміздің рухани және қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар, халққа еңбегімен танылған беделді тұлғалар шақырылды. Яғни, 35 адамнан жасақталды.

«Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев «Miras» кеңесін партия мен зиялы қауымның арасын жалғайтын алтын көпірі дей келе, ұлттық болмысты сақтай отырып өсуі – бәріне ортақ міндет екенін сөз етті.
– Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын атап өтіп, алдағы ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Жолдауда экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және халықтың тұрмыс сапасын арттырумен қатар, ұлттық бірлік пен қоғамдық жауапкершілік мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Шын мәнінде, ел дамуы экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейді. Қоғамның ой-санасы, өзара құрмет пен азаматтық жауапкершілігі де аса маңызды.Біз жаңа қалалар салып, заманауи технологияларды енгізе аламыз. Бірақ сол өзгерістерге сай қоғамдық мәдениет қалыптастыра алмасақ, көздеген нәтижеге толық жете алмаймыз. Сондықтан экономика мен руханият қатар дамуы қажет. Бұл ретте зиялы қауымның рөлі айрықша. Сіздерді адамдардың көзқарасына әсер ететін, ұлтқа бағыт-бағдар беретін рухани күш деп білеміз.
Бүгінде ел болашағын білімді, озық ойлы, ұлттық құндылықтарын құрметтейтін, заман талабына бейім азаматтармен байланыстырамыз. Осылайша, зияткер ұлт қалыптасады. Бұл жолда кітап оқу мәдениетін дамытуға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге, тарихи мұраны сақтауға, отандық әдебиет пен өнерді қолдауға ерекше мән береміз. Әсіресе, жасанды интеллект пен жаңа технологиялар дамыған заманда ұлттық мәдениетіміздің цифрлық кеңістікте де кеңінен танылғанын қалаймыз. Жастарымыздың әлемдік білім мен технологияны меңгеріп, ұлттық болмысын сақтай отырып өсуі – бәрімізге ортақ мұрат, – деді Ержан Жылқыбаев.

«Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев партияның өңірлік филиалдары жанынан «Miras» аймақтық кеңестері құрылатынын әрі оның маңызын арттыру және ішін ара тұрақты байланыс орнату мақсатында өңірлерде көшпелі отырыс өткізуді ұсынды.
Айтуынша, Кеңес мүшелері аймақтарға барып, жергілікті зиялы қауыммен, жастармен кездесіп, өңірдің жағдайымен жан-жақты танысқаны жөн. Сол жерде көтерілген мәселелерді республикалық деңгейге шығарып, олардың шешілуіне ықпал етуі керек. Осылайша, «Miras» кеңесі орталық пен өңірлер арасындағы рухани көпірге айналуы тиіс.
– Қазақтың бай мәдениеті мен рухани мұрасы ауылдарымызда, өңірлерімізде сақталып, дамып келеді. Сол құндылықтарды елге таныту, жергілікті таланттарға қолдау көрсету, өңірлердің мәдени өмірін жандандыру – ортақ міндетіміз. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Жаңа мәдениет қалыптастыру, ұлт болып ұйысу» деген арнайы басымдық бар. Жаңа мәдениет – адамның ойлау жүйесі, қоғамдағы мінез-құлық, заңға, еңбекке және айналасындағы адамдарға деген көзқарас. Яғни, жаңа мәдениет әр адамның өзінен басталады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыста зиялы қауымның ақыл-парасаты мен тәжірибесіне сүйенуіміз керек. Партия кез келген орынды ұсынысқа, тың бастама мен сындарлы пікірге ашық. Біз тек жетістіктерді айтып, бір-бірімізді мақтаумен шектелмеуіміз қажет. Қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық көтеріп, оларды шешудің жолдарын бірге іздегеніміз жөн, – деді ол.

«Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын жинақтап, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізуге, қажет жағдайда депутаттық корпус арқылы көтеруге дайын екенін жеткізді. Бастысы, айтылған ойлар мен ұсыныстар қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтижеге ұласуы қажет деп санайды.
ҚР Құрылтайының депутаты, Кеңес төрағасының орынбасары Жарқынбек Амантайұлы шалғайдағы шығармашылық үйлері жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыратын ортаға айналуы керегін қозғады.
– Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауыдағы маңызды бағыттардың бірі – мәдениет пен руханиятты дамыту, қоғамдық сананы жаңғырту және сапалы адам капиталын қалыптастыру. Бұл үш бағыт бір-бірінен бөлек емес. Мемлекеттің қуаты тек экономикалық көрсеткішпен емес, адамның білімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен және рухани кемелдігімен өлшенеді. Мәселен, мәдениет – қоғамдың дамуының негізгің тірегі. Жолдауда мәдениет-әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. Президент өңірлердегі мәдениет нысандарына деген қажеттілікті анықтап, оларды салу мен жаңғыртуға басымдық беріп отыр. Атап айтқанда, барлық өңірлерде шығармашылық үйлерде кітапханалар мен ғылыми орталықтар бой көтеру қажеттілігі айтылды. Бұл тапсырманың мәдениет саласы үшін маңызы зор. Мәдени мекемелер тек іс-шара өткізетін орын ғана емес, халықтық шығармашылық әлеуетін арттыратын, ұлттық құндылықты дәріптейтін және жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыратын рухани орталыққа айналуы тиіс. Әсіресе, ауылдық жерлердегі мәдени ошақтардың қолжетімділігін арттыру, кітапханаларды жаңғырту, шығармашылық орталықтарын дамыту – әлі де өзекті. Демек, мәдени инфрақұрылымын дамуты – халықтың өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, елдің рухани әлеуетіне салынған инвестиция. Мәдени біздің төл мәдениетімізге, ұлттық руханиятымызға, адами капиталын дамтуға үлкен міндеттер айқындалған. Осы тұрғыдан «Miras» республикалық кеңесінің атқарар жүгі салмақты, – деді ол.

Жиынның модераторы болған Кеңес төрағасы, ҚР Құрылтайының депутаты Жанарбек Әшімжанов «Miras» республикалық кеңесінің қалыптасқан тарихы мен өзіндік орны бар екенін айтты.
– Осы жылдар ішінде кеңес елдің рухани-мәдени өміріне қатысты маңызды бастамаларға ұйытқы болып, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселенің шешімін табуға үлес қосты. Ендігі мақсат – кеңестің әлеуетін пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани сабақтастықты нығайту және қоғам үшін маңызды бастамаларды жүзеге асыру міндеттері тұр.
Күні кешеге дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәдениетті ұлт қалыптастыру, қоғамдағы рухани-мәдени бағыттарды айқандауы тек қана орталықтарда емес, өңірлермен жұмыс жүргізілмек. Амандасу әдебінен бастап, өңірдегі интеллектуал ұлт қалыптастырып, кітап оқу мәдениеті, балалар әдебиетінің әрі мәдениеттің дамуына, ұлттық негізгі иммунитетіне баланған біздің рухани құндылықтарымызды алдағы кезеңде нақты мемлекеттік органдармен, атқарушы органдармен қалай жүзеге асырамыз талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, «Халықтық құрылысы» бағдарламасы, яғни өңірлердегі мәдени және әлеуметтік нысандарға қатысты нақты ұсынытар ұсынылды, – деді ҚР Құрылтайының депутаты Жанарбек Әшімжанов.

Құрылтай депутаты Ерлан Тоқшылықтың – бүгінгі «Miras» республикалық кеңесінің отырысына алғаш қатысуы. Сондықтан депутаттың бұл жиыннан күтер үміті зор.
– Бұған дейін осы кеңестің облыстағы филиалын басқарып, бірнеше жылдан бері мүшесімін. Бүгінгі басқасуда өтек көп мәселе көтерілді. Әсіресе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерген мәселелер кеңінен талқыланды. Оның ішіндегі ең өзектісі – балалар әдебиеті, креативті экономика, ұлттық құндылықтар, ән-күйіміз, әдебиетіміз бар. Алдағы уақытта оның оң шешімі болады деп сенеміз. Оның үстіне, сөзден іске көштік. Яғни, аймақтарды аралап, ондағы мәдени мәселелерді көтереміз. Өйткен ол жақтарда да қордаланып жатқан мәселе шаш-етектен асады. Бұрынғыдай, домбыра тартып, шашу шашып, бауырсақ жегізумен шектелмеуі керек. Шалғайдағы өнер ұйымдарының, мәдениет үйлерінің қандай деңгейде, оларға қандай көмек керек, ауылдық клубтардың жұмысын бәрін бақылауға алуымыз керек. Бұл жағынан «Әділет» партиясы бізді қолдап, қуаттап отыр, – деді Құрылтай депутаты Ерлан Тоқшылық.

Кеңес отырысына партия Төрағасының орынбасары жарқынбек Амантайұлымен бірге, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары – Бөріхан Нұрмұхамедов, Дәулет Кәрібек, Ерлан Тоқшалық, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері – Нұртөре Жүсіп, Аманжол Әлтай; ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Оңайгүл Тұржан, әдебиеттанушы, сыншы, публицист Амангелді Кеңшілікұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова, Фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы, ақын, медиаменеджер, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай, дәстүрлі әнші, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры Ақан Әбдуәлі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, ақын, «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қатысты.
Сонымен қатар «Miras» республикалық кеңесіне еліміздің аймақтарындағы филиал басшылары бейнебайланыс арқылы қосылып, пікір алысты.
