Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды.
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: үш адам қаза тапты
150
оқылды

Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 1 қараша күні кешке Көкшетау – Астана тасжолында, Макинск қаласынан өте бере болған, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, тасжолдың Астана бағытына қарайтын бөлігінде бірнеше автокөлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдар зардап шекті.

Апат орнында екі адам тілге келместен көз жұмды. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, - деді Ақмола облысы полиция департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы