Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіп­сіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мә­се­лесіне арналған шұғыл отырысы өтті.
Көлік дәліздерін нығайту – негізгі бағыт
109
оқылды

Жиында халықаралық көлік дәліздерін да­мыту перспективасы және еліміздің тран­зит әлеуетін нығайту шаралары қарал­ды.

Премьер-министрдің орынбасары – Кө­лік министрі Әсел Жанасова, Қаржы ми­нистрі Мәди Такиев және Үкіметтің өзге де мүшелері саланың қазіргі ахуалы, жүзеге асы­рылып жатқан жобалар мен алдағы да­му бағыттары туралы баяндама жасады.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы әлемде көлік-логистика байланыстарының жаңа жүйесі қарқынды түрде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жол­дауында еліміздің транзит әлеуетін ны­ғайтудың негізгі бағыттары айқындал­ға­нына назар аударып, Қазақстан халық­ара­лық көлік құрылымында проактивті по­зиция ұстануы керек екенін айтты. Елі­міздің географиялық тұрғыдан ұтымды ор­­­наласуы бірқатар артықшылық береді. Алайда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі та­сымалдың жылдамдығына және сенім­ді­лігіне, оның шарттары мен мерзімдерінің ал­дын ала айқын болуына, сондай-ақ та­рифтердің тиімділігіне байланысты.

Ең алдымен, транзиттік жүктерді өткізу мүм­кіндігін арттырып, отандық әуе тасы­мал­даушыларға жағдай жасау және теңіз кө­лігін дамыту керек. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласындағы ахуал­ды сынға алып, инфрақұрылымды жаңа жағдайға дер кезінде бейімдеу стра­тегиялық дамудың шешуші факторы еке­нін жеткізді. Атап айтқанда, Мемлекет бас­­­­шысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қыз­­метін қатаң сынап, кірісті арттыру, қыз­­метті оңтайландыру, соның ішінде цифр­ландыру құралдары арқылы компа­ния­ның жұмыс тиімділігін көтеру міндетін қойды.

Президент логистика орталықтарын кеңейту, шекаралық және кедендік рәсім­дерді жетілдіру, саладағы барлық үдерісті кешенді цифрландыру, сондай-ақ жүктер­дің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдағы кедергілерді жою мәселелеріне айрықша тоқталды.

Бұдан бөлек, «Заң мен Тәртіп» қағида­тын сақтай отырып, инвесторларға, көлік-ло­гистика компанияларына барынша қо­лай­лы жағдай жасау қажеттігіне назар ау­да­рылды.

Осы орайда, Президент «Самұрық-Қа­зына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ком­паниясы басшыларының ұсталуына қа­тысты пікір білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауап­ты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кө­лік-транзит саласын одан әрі дамыту жә­не Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде тиісті тап­сыр­малар берілді.

Тапсырмалардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына жүк­тел­ді.