Жарысқа Бас қолбасшылықтың құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Қатысушылар атыс даярлығының жоғары деңгейін, мергендігін және штаттық қаруды қолдану дағдыларын көрсетті.
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында үздік мергендер анықталды
106
оқылды

Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығында Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқ ату бойынша жеке-командалық біріншілігі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарысқа Бас қолбасшылықтың құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Қатысушылар атыс даярлығының жоғары деңгейін, мергендігін және штаттық қаруды қолдану дағдыларын көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов марапаттады. Үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге медальдар, грамоталар және ауыспалы кубок табысталды.

Калашников автоматынан оқ ату қорытындысы бойынша жеке есепте бірінші орынды кезекші қызметінің бастығы подполковник Самат Исаев, екінші орынды байланысты техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инженері подполковник Әлихан Әлішеров, үшінші орынды «Б» орталығының әскери қызметшісі подполковник Рустам Мұқанов иеленді.

Макаров тапаншасынан оқ ату бойынша әскерлерді даярлау бөлімінің аға офицері подполковник Ринат Жанболатов үздік атанды. Екінші орынды қару-жарақ пен әскери техниканы есепке алу бөлімшесінің аға офицері капитан Нұрлан Нұрғалиев иеленді. Үшінші орынды «Б» орталығының әскери қызметшісі майор Иван Панасюк иеленді.

Біріншіліктің жеңімпазы атанып, ауыспалы кубокты «Б» орталығының құрама командасы жеңіп алды.