Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші есінен танып қалған
Теміртауда 15 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырап, жүргізуші қайтыс болды
198
оқылды

Теміртауда жүргізушінің көлік тізгінінде отырып, кенеттен денсаулығы сыр беруіне байланысты жолаушылар автобусы ағашқа соғылды. 64 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Апат кезінде автобустың салонында шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде таралуда.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында болған. Yutong маркалы автобус бағыт бойынша қозғалып келе жатқан кезде 64 жастағы жүргізушінің кенеттен жағдайы нашарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші есінен танып қалған. Соның салдарынан басқарусыз қалған автобус жол жиегіндегі ағашқа соғылған.