Дания Украинаға жалпы құны 645 миллион еуро болатын жаңа көмек пакетін ұсынады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Көмек аясында F-16 жойғыш ұшақтарына арналған 20 миллиметрлік оқ-дәрілер жеткізіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруге шамамен 200 миллион еуро бөлінеді.
Сонымен қатар Херсон облысының энергетикалық инфрақұрылымын қолдауға жеке көмек пакеті қарастырылған.
Зеленскийдің айтуынша, Украина Даниямен F-16 ұшақтарына қажетті 800 мың оқ-дәрі жеткізу мәселесін де талқылап жатыр.
