Украинаның Magura теңіз дрондары жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Бұған дейін Ресейдің Қара теңіздегі әскери кемелеріне қарсы қолданылған бұл аппараттар енді әуе дрондарын ұшырып, құрлықтағы роботтарды тасымалдай алады. Бұл туралы Business Insider хабарлады.
Украина барлауының мәліметінше, тамыз айында Magura платформаларынан ұшырылған дрондар Ресейдің «Панцирь-С1» әуе қорғанысы кешенін, кейінірек С-400 жүйесінің екі ұшыру қондырғысын зақымдаған.
Сонымен қатар теңіз дрондары зымырандармен жабдықталып, жағалауға әскери роботтар мен қажетті жүктерді жеткізу үшін де пайдаланылып жатыр.
Magura аппараттарын шығаратын UFORCE компаниясы өндірісті кеңейту үшін 700 миллион доллар инвестиция тартқан.
