АҚШ, Ресей және Қытай басшыларының тарихтағы алғашқы үшжақты кездесуі 19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Дональд Трамп, Владимир Путин және Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында бас қосады.
Кездесудің негізгі тақырыбы – ядролық қаруды қысқарту және оны бақылау жөніндегі жаңа келісім әзірлеу. Сондай-ақ Иран төңірегіндегі жағдай талқылануы мүмкін.
АҚШ әкімшілігінің мәліметінше, Украинадағы соғыс мәселесі үшжақты келіссөздердің күн тәртібіне енгізілмейді. Вашингтон алғашқы кездесуден нақты келісім жасалады деп күтпейді.
