Қазақстан таеквондо федерациясы (WT) Астанада өтетін Гран-при финалына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған жарыстан ел намысын төрт таеквондошы қорғайды.
Ерлер арасында Тамирлан Тілеулес (58 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Мария Севостьянова (57 келіге дейін) сынға түседі.
ҚР ҰОК мәліметінше, турнир 28-29 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
