Командалар төрт топқа бөлініп, алдымен іріктеу кезеңінде бақ сынады. Одан кейін плей-офф, жартылай финал және финалдық ойындар өтті. Шешуші бәсекеде Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының командалары кездесті. Тартысты ойында шымкенттік көкпаршылар 5:2 есебімен басым түсіп, чемпион атанды.
Жеке номинацияларда да Шымкент командасының көкпаршылары үздік шықты. Жанболат Балқыбай чемпионат барысында 19 салым салып, үздік сұрмерген атанды. Оның мінген «Араб қасқа» тұлпары «Үздік шабуылшы ат» номинациясын жеңіп алды.
