Бұл жеңіс – команданың тынымсыз еңбегі мен ұйымшылдығының, шығармашылық ізденісі мен табандылығының нәтижесі.
Ұлттық ұлан командасы Qazaqstan Cup турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: gov.kz
189
оқылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімінің «Жайдарман» командасы Qazaqstan CUP турнирінде топ жарып, жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің әр өңірінен жиналған жас әзілкештер бас қосқан республикалық додада командалар өзара бақ сынап, шығармашылық қабілеттері мен сахналық шеберліктерін ортаға салды.

Тартысқа толы әзіл сайысында әскери қызметшілер өздерінің тапқырлығын, шығармашылық қабілетін және сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті. Әзіл мен астарлы ойды ұштастыра білген ұландықтар көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.