Жапонияның оңтүстігіндегі Кагосима префектурасында орналасқан Сакурадзима жанартауы қайта атқылады.
Жапонияда жанартау атқылап, күлі 1,2 шақырым биіктікке көтерілді
194
оқылды

Жарылыс салдарынан жанартау күлі 1,2 шақырым биіктікке көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жанартау атқылауы 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 14:35-те тіркелген. Кратерден көтерілген күл оңтүстік-шығыс бағытқа таралған.

Қазіргі уақытта жанартау маңында қауіптіліктің үшінші деңгейі сақталып отыр. Бұл тұрғындар мен туристерге жанартауға жақындауға болмайтынын білдіреді.

Сакурадзима – Жапониядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Ол Кюсю аралындағы Кагосима қаласына жақын орналасқан. Жанартаудың атқылауы кезінде ауаға көтерілген күл жақын маңдағы елді мекендерге таралып, көлік қозғалысына және тұрғындардың күнделікті тіршілігіне әсер етуі мүмкін.

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.