Бүгін, 22 қарашада Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесінде сиыр еті 3 300 теңгеден сатылып жатыр
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінен
224
оқылды

Елорда тұрғындары сиыр, жылқы және қой етін ауыл шаруашылығы өндірушілерінен тікелей сатып ала алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жәрмеңке сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады. Ет өнімдері қаланың төрт сауда орнында ұсынылады. Атап айтқанда, Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы «Keruen Joly», Алаш тасжолы, 31/1 мекенжайындағы «Ет Әлемі», Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3 мекенжайындағы «Jurt» және Қорғалжын тасжолы, 96 мекенжайындағы «Era Bazary» базарларында сауда ұйымдастырылған.

Бұған дейін жәрмеңкеде сиыр етінің бір килограмы 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, ал қой еті 3 700 теңгеден ұсынылған. Дегенмен бағалар еттің сапасына қарай әрқалай өзгеруі мүмкін.

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға ет өнімдерін делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік беру. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай сауда алаңдары қысқа соғым дайындайтын отбасыларды қолжетімді етпен қамтамасыз етуге бағытталған.