Бұл жайында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешовтің төрағалығымен жедел кеңесте мәлім болды.
Қызылордада «Қарасора-2026» іс-шарасы кезінде 727 келіден астам есірткі тәркіленді
146
оқылды

Биыл 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында республика көлемінде өткізілген іс-шара барысында Қызылорда облысында есірткіге қатысты 195 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл жайында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешовтің төрағалығымен жедел кеңесте мәлім болды.

Жиында полиция қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланып, өзекті мәселелер талқыланды. Алдымен Кеңестің күн тәртібіндегі  маңызды мәселелердің бірі – «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі нақтыланды

Жалпы биылғы 1 маусым мен 31 қазан айлары аралығында республика көлемінде өткізілген іс-шара барысында Қызылорда облысында есірткіге қатысты 195 құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 64-і есірткі өсіруге қатысты болса, 12-сі өткізуге, 6-ы аса ірі мөлшерде сақтауға, 1-еуі есірткіні тұтынуға көндіруге қатысты тіркелді. Сонымен қатар есірткіге байланысты 112 қылмыстық теріс қылық есепке алынған.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 727 келі 164 грамм есірткі заты тәркіленген. Оның ішінде 711 келі 970 грамы – сора өсімдігі болса, 13 келі 405 грамы – марихуана, 46 грамы – гашиш, 230 грамы – көкнәр өсімдігі, 71 грамы синтетикалық есірткі заты болып табылады.

Бұдан бөлек, мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты 67 құқық бұзушылық анықталған.

Осыған байланысты жедел кеңесте департамент бастығы есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту, заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтау және есірткі заттарының таралуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Жиын соңында қызметтік тәртіпті сақтау, жедел-профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Ербакыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы