Қызылорда облысында жаңа туған нәрестені шұғыл түрде ауруханаға жеткізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Санитарлық авиацияның өтінімі бойынша Қызылорда – Жосалы – Қызылорда бағытымен арнайы рейс ұйымдастырылды. Тікұшақ жаңа туған нәрестені мамандандырылған медициналық көмек көрсететін мекемеге жедел жеткізу үшін пайдаланылды.
ТЖМ мәліметінше, әуе көлігінің көмегімен сәбиді тасымалдауға кететін уақыт қысқарған. Бұл нәрестенің қажетті медициналық көмекті дер кезінде алуына мүмкіндік берді.
Ведомство жаңа туған нәрестелерге шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде әр минуттың маңызды екенін атап өтті.
