Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсия жетекшісі болып бастаған. 2007–2015 жылдары аталған музейде ғылыми қызметкер, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарды.
Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
29
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсия жетекшісі болып бастаған. 2007–2015 жылдары аталған музейде ғылыми қызметкер, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарды.

2015–2016 жылдары Алматы қаласы музейлері бірлестігінің директоры болды. Ал 2016–2022 жылдары Мемлекеттік мәдениеттерді жақындастыру орталығы музей бөлімінің басшысы, кейін директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдан 2025 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

Енді Президенттің Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарады.