Агенттіктің бағалауы бұрынғыдай екі ұйымға да мемлекет тарапынан қолдау көрсету ықтималдығының жоғары екеніне негізделген. «Самұрық-Қазынаның» рейтингісі егеменді рейтингісімен теңестірілген. Себебі Fitch агенттігі мемлекеттің төтенше қолдау көрсету ықтималдығын кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды.
Fitch «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ-ның несиелік рейтингтерін өзгеріссіз қалдырды
60
оқылды

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кредиттік рейтингісін BBB деңгейінде, болжамын «Тұрақты» деп, ал «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның рейтингісін BBB- деңгейінде, болжамын «Тұрақты» деп растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Агенттіктің бағалауы бұрынғыдай екі ұйымға да мемлекет тарапынан қолдау көрсету ықтималдығының жоғары екеніне негізделген. «Самұрық-Қазынаның» рейтингісі егеменді рейтингісімен теңестірілген. Себебі Fitch агенттігі мемлекеттің төтенше қолдау көрсету ықтималдығын кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды.

Бұл мемлекеттің қордың жалғыз акционері болуымен, оның басшылығын тағайындауымен және қорды стратегиялық мемлекеттік міндеттерді іске асыру құралы ретінде пайдалануымен байланысты.

ҚТЖ рейтингісі бір саты төмен және мемлекеттің қолдау көрсету ықтималдығының өте жоғары (Extremely Likely) екенін, сондай-ақ компанияның дербес кредиттік бейінінің bb- деңгейінде екенін көрсетеді. ҚТЖ толығымен «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекетке тиесілі және ұлттық теміржол операторы қызметін атқарады.