Конституция күні: Елбасының 25 жыл бұрынғы видеосы жарияланды
Конституция күні: Елбасының 25 жыл бұрынғы видеосы жарияланды
фото: ашық дереккөз
504
оқылды
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Конституция күніне орай Instagram-дағы парақшасында 25 жыл бұрынғы видеоны жариялады. «Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау туралы республикалық референдум өтті. Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, отандық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ал бір аптадан соң, 1995 жылы 6 қыркүйекте Н.Назарбаев жаңа Конституцияның ресми таныстырылым рәсіміне қатысты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Ким «1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға дауыс беру нәтижелері туралы» қаулыны оқып, Н.Ә.Назарбаевқа еліміздің жаңа Ата Заңының мәтінінің түпнұсқасын тапсырды» делінген жазбада.   https://www.instagram.com/tv/CEf9hS4Hbxv/?utm_source=ig_web_copy_link