Каспий теңізінде жер сілкінді
Каспий теңізінде жер сілкінді
Фото: Интернеттен алынды
590
оқылды
Еуропалық Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 30 тамызда Мәскеу уақытымен сағат 23.35-те Каспий теңізінің Түрікменстан жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Зілзаланың ошағы 8 шақырым тереңдікте болған. Оған ең жақын қала – Түрікменбашы эпицентрден 114 шақырым жерде орналасқан. Ғмараттардың қирағаны немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Жерасты дүмпулері 36 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр солтүстік ендіктің 40.39 және шығыс бойлықтың 51.69 бағытында орналасқан.