«Ауыл экономикасын дамытудың бірінші қарқыны» – Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев
«Ауыл экономикасын дамытудың бірінші қарқыны» – Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев
340
оқылды
– Бүгін Мемлекет басшысы ауыл шаруа­шылығы саласы туралы көп айтты. Шы­нында, ма­ған ұнаған жері – кооператив құру, қосалқы шаруашылықты дамыту мәселесі болды. Қо­салқы шаруашылықты елді мекеннің жағдайында 70 пайыз мал сонда тұр. Бізде малды қамтамасыз ете алатын 188 миллион гектар жайы­лымдық жер бар. Соған малды жинап, кооперация құрып, жайы­лымдар мен шабындық жерлерді беретін болса, малдың да, еттің де, сүттің де көлемі 30 пайызға өсер еді. Бұл – мемлекеттің биологиялық активі, біз оны қорғауымыз керек. Егер де бұл мәселе шешілетін болса, онда ауылдың эколо­гиялық мәселесі шешіледі. Бұл ауылға деген – экономикалық дамудың бірінші қарқыны. Сондықтан біз осы мәселені қолға алуымыз керек.