Әкімдіктің хабарлауынша, 6 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.
Дүйсенбі күннен бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.
Айта кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру міндетті. Жол ақысы тек электронды түрде немесе карта арқылы төленеді.