Бүгін елімізді тұман басып, жаңбыр жауады
Бүгін елімізді тұман басып, жаңбыр жауады
©Сурет интернеттен алынды
5,120
оқылды
Қазгидрометтің хабарлауанша, 6 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік және оңтүстік антициклон әсер етуінен сол жақтарда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек еліміздің батыс бөлігі ашық болады.
Ал еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл соғады. Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Түркістан, күндіз Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.