ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.»
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Қаулыда.