Қала салу процесі жаңа қарқынмен жалғаспақ. Әрі жай ғана жалғаспайды: ел Үкіметі тағы бір тұтас жаңа мегаполисті тақырдан тұрғызуға бағытталған мегажобаға кірісті.
Қазақстандағы Android жүйесін пайдаланушылар 2GIS қосымшасы құрылғыға қауіп төндіруде деген әрі қолданбаны өшіретіні туралы хабарлама алған. Көпшілікті қосымшаның бұдан кейінгі тағдыры алаңдатады. Нарықта оған бәскелес болатын отандық өнім пайда бола ма?
Қазақстанның қорғаныс қабілеті жақсарып келеді. Бұл – біздің өзімізге өзіміз берген баға емес, кейбір халықаралық құрылымдардың пайымы.
Жетісу облысының диқандары былтыр жүгеріден бұрын-соңды болып көрмеген мол өнім жинағаны және сол алтын дәнді ешқайда өткізе алмай пұшайман болып отырғаны туралы жазылды да, айтылды да.
Қызылорда облысы Арал ауданының халқы жолға қатысты түйткілді мәселенің түйіні жеделдете тарқатылғанын қалайды.
Түркістан қаласында халық көп шоғырланған базарларда кітапхана ашу жобасы іске асырыла бастады. Осы жоба аясында қаладағы ең үлкен «Қуаныш» сауда орталығында «Фараб» кітапханасының пункті ашылды. Аталған кітапхана оқырманмен тығыз байланыс орнатып, кел...
Батыс Қазақстан облысы үшін жаңа 2024 жыл ауыр сынақтармен басталды. Олай дейтінімізге бірнеше себеп бар.
Сенат отырысында сенатор Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.
«Ашық НҚА» порталында өнеркәсіп алпауыттарына экологиялық аудит жүргізудің тәртібі жарияланды. Аталған заң жобасын Экология, табиғи ресурстар министрлігі жариялап отыр.
Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода Петропавлдағы №1 қалалық емхананың жаңадан ашылған филиалының жұмысымен танысты.
Қазақ мемлекеттік циркінің тарихы Мажарстан жұртшылығына таныстырылды. 15-ші Будапешт цирк фестивалі аясында өткен мұражай көрмесіне әлемнің 12 мемлекеті қатысты.
Былтыр Ақтау портынан экспортқа 3 млн 376 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1 млн 108 мың тоннаға көп.
Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Сергей Пономарев және Айдос Сарым жұмыс сапары барысында Алматы Жылу электр орталығы-2 стансасына барды.
Аутизм спекторы бұзылған елордалық спортшы Дастан Ордабай Аустралияның Балларат қаласында өткен 2024 жылғы Virtus Oceania Road Cycling World Series велоспорт чемпионатында жеңіске жетті.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда тауарлы сүт фермаларын салу жөніндегі Үлкен жобаның іске асырылу барысы талқыланды.
Мирас болған мол мұра. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің шығармалары ұлт тарихының жылнамасы іспеттес. Биыл қазақ қылқалам өнерінің атасы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толды.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті.
Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап саласын дамытуға ерекше тоқталып, отандық кітап өнімдерін шығаруды арттыру бойынша нақты міндеттер қойған еді.
Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын, 2022 жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың «Адай жылқысы» еліміздің брендіне айналатынын айтқан болатын.
Сонымен, «Бюджет кодексі туралы» заң жобасы Мәжілістің былтырғы 27 желтоқсан күнгі ең соңғы Жалпы отырысында екінші оқылымға өтті. Дегенмен құжат әлі де шикі деуге негіз бар.
Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті құжатқа қол қойды.
Алтын кенішіндегі шұңқырға құлап кеткен автобустың табылмай жатқанына алты күннен асып, жетінші күнге кетті. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мұндай күрделі жағдайдағы апаттың Қазақстанда алғаш рет болып отырғанын жеткізді. Өйткені опырылға...
Бірқатар облыстар мен қалаларда теміржол стансаларының атауы ауысады.
Былтырғы жылдың соңы мен жаңа жылдың алғашқы күндері Жетісу облысында, оның ішінде Талдықорған қаласында адамға жаға ұстатқан бірнеше қылмыстық оқиға тіркелді.
Жамбыл облысында еңбек дауы азаймай тұр. Жалақының аздығына, басшының басынуына, жұмыс орнында қолайлы жағдайдың жасалмағанына ашынған жұрт әкімдікке келіп, талап-арыздарын ашық жеткізуде.
«Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес» деген халқымыз тазы итті бұрыннан ерекше қастерлеген.
Алматылық ғалымдар қаланың ауасын тазарту үшін емен, арша, талшын ағаштарын көптеп егуді ұсынып отыр. Әсіресе, көпжылдық зерттеуден кейін талшынның қасиеті таңғалдырған.
Мәжіліс депутаты «AMANAT» фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысының Шалқар ауданына арнайы келді.
Былтыр Аймақтарда 22 мәдениет нысаны бой көтеріп, мемлекеттік театрларда 200-ге жуық жаңа қойылым сахналанды.
Мәжіліс депутаттары Нұржан Әшімбетов, Жарқынбек Амантай және Вера Ким Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында патронаттық тәрбие, қамқоршылық және балалар үйлерінің қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаларды жан-жақты талқылады.
Алматыда үстел теннисінен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеде Астана, Алматы, Шымкент қаласынан және 17 облыстан іріктелген спортшылар бақ сынап жатыр.
«AMANAT» партиясының Мәжіліс депутаты, фракция мүшесі Мархабат Жайымбетов Қызылордадағы ALEXEY-SULTAN AКHMET емханасының ұжымымен кездесті.
2024 жылдан бастап қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшері жаңа әдіспен есептеледі. Ақылы еңбек демалысы, сырқаттануына байланысты демалыс, тіпті жұмыстан босатылған кездегі төленетін өтемақыға және тағы басқа көптеген төлемге орташа жалақы мөлшері әс...
«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Ақмола облысы бойынша жол картасы шеңберінде Целиноград ауданы Шұбар ауылында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығында болды.
Қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірген экологиялық мәселенің алдын алуда алматылық ғалымдар да үнсіз қалмақ емес.
Талай жыршы мен ақынның жырына арқау болып, жер жәннаты атанған Бурабайда жылдың соңы аса мазасыз болды.
Биыл қаңтар айынан бастап үш ай ішінде банктік шотқа ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударым түскен азаматтар кәсіпкер саналады.
Қазақстанның батысы мен шығысы арасы 3 мың шақырымға жуық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында елімізді жаңа экономикалық модельге көшіру міндеттерінің маңызын ерекше атап өтті. Бұған әділ және бәсекеге қабілетті экономикалық жүйе құру, экономиканы әртараптандыру, и...
Былтыр жыл басында Қазақстандағы күзетшілер саны 100 мыңға жақындаған-ды. Дәлірек айтқанда елімізде 94 511 күзетші болған.
Олигархиямен күрес жаңа деңгейге шығуы мүмкін. Үкімет олигархиялық топтардың тірегі болған «экономикалық концентрациямен» пәрменді күреске кірісті.
Алматы және Жетісу облыстарында биыл өсімдік шаруашылығы барынша өркендегені, оның ішінде егістіктен мол өнім жиналғаны, дәнді дақылдар бойынша екі облыс та басқалардың алдынан көрінгені жабыла айтылып, жарқырата көрсетілген еді.
Биылдан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету құқығы Қазақстанға өтті. Негізі, құрамына төрт мемлекет кіретін аталмыш ұйымға жетекшілік ету әрбір үш жыл сайын ауысып отыратыны белгілі.
Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Қайрат Балабиев, Ерлан Абдиев және Темір Қырықбаев Кентау қаласындағы бірқатар нысанның жұмыс барысымен танысты.
Елордада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар әулеті» халықаралық зерттеу тобының ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.
Талдықорғанда волейболдан жасөспірім қыздар арасында басталған қысқы чемпионатқа 19 команда қатысып жатыр. Ең бірінші болып, жарыс алаңына Маңғыстау және Алматы өңірінің командалары шықты. Нәтижесінде, ақтаулық спортшылар ірі есеппен жеңіске жетіп, ел бір...
Астанада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы туралы кеңес өтті.
Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары Альберт Рау мен Екатерина Смышляева Рудный қаласындағы «Соколовское» кенішінде болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.