БҚО-да тасқын судың беті қайтты. Біз мұны бұрын да айтқанбыз. Бірақ су басылғанмен, шу басылмай тұр. Үйі суға кетіп, тұруға жарамсыз деген қорытынды алған халық бөркін аспанға лақтырып қуанып жүр.
Абай облысының шаруаларына жылдық 5% несие қолжетімді болып отыр. Аграрлық несие корпорациясының өңірлік филиалы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мақсатында қолда бар 1,3 млрд теңгеге қосымша 8 млрд теңге бөлінді.
Алматы облысы өңірлік даму орталығының базасында инвесторларға құқықтық көмек көрсететін фронт-кеңсе жұмыс істейді. Жақында осы кеңседе «Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы Райымбек Баталовтың аймақтағы мемлекеттік, құқықтық органдардың жетекшілерімен,...
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңесі кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Жиында Ұрпақ тәрбиесі және оқушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 30 мамыр күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Сондай-ақ осы аптада болатын іс-шараларды пысықтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті қабылдады.
Келесі аптада мемлекеттік тіл мен қазақ тарихын ұлықтайтын, түскейден теріскейге қоныс аударатындарды қолдайтын, елді лаңкестерден және педофилдерден қорғайтын, қандастардың атажұртқа оралуына дем беретін бірегей заң күшіне енеді. Жаңа заңға бірқатар жаңа...
Тараз – тарихымыздың темірқазығы. Бұл шайырлар мекені саналған шаһарға берілген әділ баға.
Биыл Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етіп отыр. Дәлірек айтқанда, 6 ұйым.
Атырау облысында тасқын қаупі әлі де болса күшейіп тұр. Қазір Атырау облысында Махамбет ауданы, Атырау қаласы үлкен қауіптің алдында.
Астанада бокстан дәстүрлі «Елорда кубогы» турнирі аяқталды. Жыл сайын 20-ға жуық команданың басын құрайтын жарысқа биыл 8 мемлекет құрама спортшыларын алып келді.
Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND еліміздегі түрлі тексеріс деңгейі жөнінде зерттеу жүргізді.
М.Шолоховтың «Тынық Донын» бірнеше рет қайталап оқыған шығармын. Маған сол бір заманның ауыр көрінісін көз алдыңа әкелетін, бір ұлтты, бір елді қолдан бөліп, бір-біріне оқ атқызған зұлмат заманның бейнесін көрсететін шығарма болғандықтан да ұнайтын еді.
Қуырылған сарышаянның дәмі қандай болады? Қытайлық әжелер неге таңғы сағат 6-да билеуге құмар? «Чихо» дегеніміз кімдер?
Сыр өңірі – ежелден дәстүрлі жыраулық өнердің алтын қазығы қағылып, туы тігілген қастерлі мекен.
Жақында Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады.
Кітапхана – тарихи деректерді оңай таба алатын орын. Бірнеше ғасыр бұрын жазылған қолжазбалар мен көнерген кітаптардың бүгінге дейінгі сақталуының құпиясы көп адамды ойландырмағаны анық. Бір қызығы, кітаптар да «емделіп», өмір сүру жасы ұзарып отырады еке...
Қазақ поэзиясы бағзыдан қалыптасып үлгерген, дәуірлер мен ғасырлар өтінде қарыштап дами түскен құдіретті де өміршең поэзия екеніне ешкімнің дауы жоқ. Ілкіде тасқа қашалған таңбалардың өзі – інжу-маржандай көркем дүниелер қазақ поэзиясының қайнар бас...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік мемлекеттік сапармен Сингапурға барды. Сапар барысында ол Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді. Бірқатар мемлекеттік қызмет және іскерлік орта өкілдерімен кезде...
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тірегіміз – Тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу» атты V сессиясы өтті.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы 28 жылдық белесті ENU Family day форматында атап өтті. Мерекелік іс-шарада университет қызметкерлері, студенттер мен сан салада еңбек етіп жүрген түлектер бас қосты.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Еліміздің білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылып, оқушылардың мектеппен қоштасатын, түлектердің жаңа өмірге қанат қағып, қадам басатын аяулы шаққа санаулы ғана күндер қалды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы бүгінде қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Жаһан жоғары жылдамдықпен дамып келеді. Өркениет көші алға озған сайын құндылықтар да жаңару үстінде. Бұрын күлкілі, баланың ермегі секілді көрінген дүниелер бүгінде бұқаралық сипатқа айналып келеді.
Қазақстанда мал басы кеми бастады. Мұның да өзіндік себебі болғанмен, әу бастағы санақта да олқылық бар екені анықталды.
Былтырғы мамыр айынан бері Парламенттің Төменгі палатасында жатқан үш бірдей заң жобасын Үкімет ұсынған болатын. Осы жолы екінші оқылымы өткен құжатта көптеген өзгеріс пен толықтыру бар. Соны білмекке Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа ко...
Әбибаның қаруы – жылдамдық. Қарсыласы өзін-өзі жинап үлгергенше, қарсы шабуылға кірісіп кетеді. Әп-сәтте жасалған әдіске таңдай қақпайтыны кем де кем.
Орал қаласының маңындағы саяжайлар түгел суға кеткені туралы бұған дейін айтқанбыз. Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде Жайық пен Шаған өзендері қатар көтеріліп, Жайықтың жайылмасында орналасқан саяжайларды түгел су алып кетті.
Қапшағайдың Қонаев атанып, Алматы облысының орталығы мәртебесін иеленгеніне де екі жыл болды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, міне екінші оқылымда қабылда...
Түркия астанасы Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың «Ақ Ләйлек» драмасы қойылды. Шығарманы Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының өнерпаздары сахналады.
Түркістан облысындағы ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясындағы семинар ауыл шаруашылығы колледжінің базасында жалғасты.
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» және электромобиль инфрақұрылымын дамыту туралы заңдарды екінші оқылымда қабылдады.
Халқымыздың біртуар перзенті, қайраткер тұлға, ағартушы Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шықты. «Соңғы үкім» деп аталатын толықметражды тарихи драма ұлт ұстазының күреске толы тағдырының мәлім де беймәлім қырын паш етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
«Жасыл энергетика» дегенде жұрттың көпшілігінің көз алдына желден қуат өндіретін алып, аппақ қалақшалар немесе аптап ыстықта қызатын күн панельдері елестейді.
Бүгінде дубляж арқылы қазақ тілінің қолданысы кеңейді. Былтырдан бастап Ұлттық кино орталығы осы сала үшін конкурстар жариялай бастады.
Елімізде соңғы жылдары ерекше қажеттілігі бар балалар саны артып барады. Өкінішке қарай, олардың денсаулығы, өмір сүру сапасы алаңдатарлық жағдайда.
Ежелден Өзбекстанның Нұрата жері әйгілі Әйтеке би бабамыздың мәңгілік дамыл тапқан мекені саналады.
Ел дамуының маңызды мәселелері қозғалған республикалық референдумда Ата Заңымызға енгізілген өзгерістің бірі жерге байланысты болды. Онда айтылғандай, «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар х...
Алматы облысында өңір дамуының өзекті өркендеу жолдары қарастырылып, инвестициялар тарту, тиімді ынтымақтастықтар орнату мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда.
18 мамырда Астанада екінші Run for autism қайырымдылық марафоны өтті. Іс-шараның мақсаты – аутизм туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру, аутизмі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайд...
Алматы облысының жаңартылатын энергия көздеріне қатысты әлеуеті аса зор. Асау өзендер өрнектеп, екпінді желдер өтетін дәліздері көп өлкеде бүгінгі күннің өзінде жасыл энергия ел игілігіне табысты қызмет етуде.
Астанада әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Білім басқармасының қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған экофестиваль өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының назарын экол...
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамыр Халықаралық отбасы күні деп жарияланды. Осы атаулы күнге орай елордада қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Халықаралық отбасы күніне орай жас отбасылар арасында «Көңілді старт»...
Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Халықаралық музейлер күніне орай өткен түнгі іс-шарада келушілер назарына тосынсый ретінде ғұлама жәдігерлері ұсынылды.
Қарағандыдағы «Достық» үйінде талантты жастардың басын қосып, бүгінгі әдебиеттің бағытын талқылау мақсатында қолға алынған «Қарағанды көктемі» поэзия фестивалі өтті.
Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған шара Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 23 мамыр күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және комитеттердің осы аптаға жоспарлаған іс-шараларын пысықтады.