Президент Бас прокурорға тапсырма берді
Президент Бас прокурорға тапсырма берді
Фото: akorda.kz
491
оқылды
ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаларды тергеу жөніндегі ведомствоаралық жедел-тергеу тобының жұмысы туралы баяндады. "Мемлекет басшысы Бас прокурорға тергеудің объективтілігі мен толықтығын, барлық қабылданған шешімдердің заңдылығын және кінәлі адамдардың жазасының бұлтартпастығын қамтамасыз етуді тапсырды", - деп хабарлады "Ақорда". Бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы адам өліміне, тұрғын үйлер мен азаматтардың мүліктерінің бұзылуына әкеп соққан оқиғаларға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке бірнеше адамды қызметінен босатуды тапсырды. Айта кетейік, біз Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылдардағы қақтығыстан кейінгі жағдайды түгел баяндап отырмыз.