Қандай пән мұғаліміне сұраныс көп?
Қандай пән мұғаліміне сұраныс көп?
©okg.kz
1,592
оқылды

Осы күні ата-аналар балаларын ақылы қосымша сабаққа беруге мәжбүр. Сондықтан ата-аналар жаппай репетиторлар іздеуде. Жақсы деген мұғалімдерге  кейде кезек бірнеше айға созылады.

Педагогтардың айтуынша, соңғы екі жылда физика, химия, математика, сондай-ақ, биология сияқты нақты ғылымдарды үйрететін репетиторларға сұраныс күрт артқан. Сондай-ақ тілдерді оқытатын мұғалімдер де сұранысқа ие. Әсіресе, қазақ тілін оқытатын мұғалімдер өте аз. Жақсы мамандарға жазылу кезекпен, жоспарлы түрде болады.

Бүгінгі күні репетитордың сабағы сағатына 1 мың теңгеден 12 мың теңгеге дейін. Бір пән бойынша бір айлық төлем – орта есеппен 30 мың теңге. Онлайн курстар сәл арзан. Ең қымбат әрі сұранысқа ие оқытушылар – физика, биохимия және қазақ тілі мамандары. Яғни, айына бірнеше мұғалімді жалдаса, ата-аналар бір балаға шамамен 100 мың теңге төлеуі мүмкін.

Юлия Ротман 11 жылдан бері арнайы курстарда сабақ беріп келеді. Оның айтуынша, ай сайын білім беру орталығында 500-ге жуық оқушы білім алады.

“Соңғы оқу жылында 7-8-сыныптарды оқытуға сұраныс өте жоғары болды. Яғни, математика, химия және физика пәндері бойынша. Өйткені жетінші сыныпта олар енді ғана бұл пәндерді өтіп жатыр. Көптеген ата-аналар бұл қашықтықтан білім алуға байланысты деп отыр”, – дейді білім беру орталығының директоры Юлия Ротман.