Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі
Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі
272
оқылды
Қазақстан 14 мамырдан кейін ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражатын қайта есептеуге уәде беріп отыр. «Жасыл Даму» АҚ-пен кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемелерінің әсері туралы кеңестер жүргізілді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 138 бұйрығына сәйкес, қайта өңдеу үшін алым мөлшерлемелері 50%-ға төмендетілді, осы бұйрық ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап қолданысқа енгізілді. 
«2022 жылдың 14 мамырынан кейін қайта өңдеу үшін төлем бұрынғы тарифтер бойынша төленген жағдайда, «Жасыл Даму» АҚ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, артық төленген соманы қайта есептеп, қайтарады», - деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.