Өскемен тұрғыны көлік аламын деп алаяққа 1,5 млн теңге берген
Өскемен тұрғыны көлік аламын деп алаяққа 1,5 млн теңге берген
979
оқылды
Өскемен қаласының тұрғыны көлік аламын деп алаяққа 1,5 млн теңге берген. Қалалық ПБ Сол жағалау полиция бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өз сөзінде ол сәуір айының ортасында «ВАЗ» маркалы автокөлігін сататынын айтқан белгісіз ер адамға 1 500 000 теңге бергенін жеткізді. Алайда ақша қолына тиген соң алаяқ хабар-ошарсыз кеткен.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде 31 жастағы Өскемен тұрғыны өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол қолхатпен босатылған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.