Әйелін ұрып өлтірген бұрынғы полицей 12,5 жылға сотталды (видео)
Әйелін ұрып өлтірген бұрынғы полицей 12,5 жылға сотталды (видео)
7,489
оқылды
Қырғыз еліндегі Талас қалалық ІІБ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері әйелін өлтіргені үшін 12 жылға сотталды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ж.А.К. Қырғыз ҚК-нің 122-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, мүлкі тәркіленбеген. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Бұған дейін 2021 жылдың 29 желтоқсанында 1992 жылы туған азамат Е.Н. соққысынан кейін қайтыс болды. Оның күйеуі, жоғарыда аталған қызметкер кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.